QARAKESEK БОЛЕК SOLO 61 lyrics

БОЛЕК SOLO 61 QARAKESEK

0
0

Share:




Lyrics


Оны көрмегелі біраз күн-түн өтті,
Мүмкіндік беріп оятқым келді соңғы үмітті.
Өшіргім келді ол дегендегі бар күдікті,
Үндемей қолына сақина тақты, бәрі бітті.
Алдап жүргенімде өз-өзімді алданып қалдым,
Ойласам атпайтынын онымен алдағы таңның.
Жанып кетемін қызыл қызғаныштың отына лезде,
Үшінші адамның құшағында болды қосылар кезде.
Маған бұл әлем қараңғы,

Тырналар жараны бөлгені араны.
Жеткізді қаралы жүрекке хабарын,

Жатырсың керіліп көкке көтеріп аяқты,
Әке-шешең үйреткен тәрбие, намыс қай жақта?!
Ақыл келіп қалды маған, кешір жаңағы маяктан.

Қ-сы:
Тағдырымызға жазылмаса болашақ,
Қалай болашаққа, жаным, жол ашам?
«Ойлан» деме, ойларым бітті,
Ойланып оңаша.
Қолыңды алыстан бұлғап сағымға айналып кетіп ең...
Жете алмай келем, болдым әлек,
Арамызда жол, алдымызда жол екі бөлек.

Маған алыс емес, мен саған барам десем,
Сен білгеніңді істейсің өзің, қара десем.
Рэпті тықпалама сылтауыңа, қара іздеп,
Мен сен үшін болмаймын рэптегі QaraKesek.
Білесің оны, дәл соған жетер білімің бар,
Көзін қысып ысқырғаның бар, қармағына ілініп ал.
Қайтесің, бұл дүние – сынақ екенін,
Және мен жақта емес сен ойлаған қиял мекен.

Сенің жүрегің – басқа әлем, жете алмай келемін, болдым әлек,
Арамызда жол, алдымызда жол екі бөлек.

Мен қашан қашып құтылам түнек қара бұлттан,
Әлі келемін тынып сезіммен алабұртқан.
Жазылады жарамыз, әлде қалады құрттап,
Мені кім ұғады, айналам толған мұрттар.

Қ-сы:
Тағдырымызға жазылмаса болашақ,
Қалай болашаққа, жаным, жол ашам?
«Ойлан» деме, ойларым бітті,
Ойланып оңаша.
Қолыңды алыстан бұлғап сағымға айналып кетіп ең...
Жете алмай келем, болдым әлек,
Арамызда жол, алдымызда жол екі бөлек.

Екі бөлек, екі бөлек...

Оны көрмегелі күн-түнім өтті,
Күлмегелі нәзік жүректің біршама уақыт өтті.
Сонда да мені ұмытпа.




Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

02.08.2022


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz