Понти Жорабеков Сүйем сені (0), lyrics

Сүйем сені lyrics

Понти Жорабеков

Сүйем сені

20
0

Share:



с: Айдана Бүкірбаева
ә: Понти Жорабеков
 
Жаулап алдың жанымды жараладың
Сені іздеумен бақтарды араладым
Жолықтырдым сыңарлы бір аруды
Сүйе тұра, жаныңа баралмадым
Тыныштық бер, өтінем жүрегіме,
Мендей саған біреу бақ тіледіме?
Сүйгенді сүйе білу қиынбекен?
Құлақ салшы жарқыным тілегіме.
 
Кайырмасы:
Сүйем сені басқаны таңдамашы, 
Жүрегімді өтінем алдамашы.
Сүйем сені, оралар деп жүз қарадым, 
Мен сені өзгелерден қызғанамын.
Сүйем сені, сүюге жаралғанмын,
Қаншама рет жанымды жараладың?!
Маған бақ боп бұйырмасын біле тұра,
Басқа жанға кеткеніңді қаламадым!
 

 
Ғашық болдым, алғашқы рет сүйiп едім,
Басқаменен кеткенiне күйiнемін.
Пәк жүректi корламашы өтiнемін,
Сенi бұлай сүйгенiме өкiнемін!
Түсiнбеймiн махаббаттың заңдарын,
Баска жанға жүрегiндi арнадын.
Өкiнiш пен мұң сыйладын аяулым,
Сезiмiмдi сен бағалай алмадын!
 

 
Кайырмасы:
Сүйем сені басқаны таңдамашы, 
Жүрегімді өтінем алдамашы.
Сүйем сені, оралар деп жүз қарадым, 
Мен сені өзгелерден қызғанамын.
Сүйем сені, сүюге жаралғанмын,
Қаншама рет жанымды жараладың?!
Маған бақ боп бұйырмасын біле тұра,
Басқа жанға кеткеніңді қаламадым!






Comments

Қонақ

23 2016

жаксы

бейбарыс

05 2016

жаксы

Eldar

25 2016

оте кушты love

Samat Nurgali

Corrected text

14.04.2021
Users

GM



shinline.kz