Орынғалиқызы Гүлнұр Қыс lyrics

Share:


Lyrics



Қыс
Қар жауды...
Қатты сағындым мен қысты.
Аққаланы жасаймыз,
Коньки теуіп ойнаймыз.

Қыс мезгілі жақсы ғой,
Жаңа жыл да болады.
Балалар да қуанып,
Сыйлығын да алады.

Қыста салқын болады,
Адамдар да тоңады.
Ауырып та қалады,
Бірақ емделіп алады.

Қыста құстар тоңады,
Тамақты әзер табады.
Себебі дала салқын ғой,
Ұша алмай да қалады.

Соңғы айына келгенде,
Күн жылына бастайды.
Көктем келіп қалғанда,
Қарлар еріп қалады.

4 сынып оқушысы: Орынғалиқызы Гүлнұр
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
№18 М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Жетекшісі: Шегирова Жанаргуль Сайлауовна



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

26.08.2016


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz