Жанып-сөну lyrics

Орда тобы

Жанып-сөну

1
0

Share:



Бақыт кімді таңдап?
Кімдерге қонады?
Әлде бізді алдап,
Сезімге айналады.
Сыбырлайды сезім.
Естідің бе сөзім?
Жауап табамын қайдан?
Шыдай ма төзім?

Қайырмасы:
Кім үшін? Не үшін?
Сарқылды.
Бар күшім, бар күшім.
Алғаш көру, жанып-сөну,
Тағдыр ма? Тағдыр ма?
Өліп сүю, жанып-күю.
Тағдыр ма? Тағдыр ма?

Бақыт деген қорған.
Кімдер жеткен оған?!
Сырты бақша,
Іші жан баспаған орман.
Шақырады мені,
Елестетіп сені,
Көрдім бұлт арасынан,
Қарашы, қарашы...

Қайырмасы:
Кім үшін? Yе үшін?
Сарқылды.
Бар күшім, бар күшім.
Алғаш көру, жанып-сөну,
Тағдыр ма? Тағдыр ма?
Өліп сүю, жанып-күю
Тағдыр ма? Тағдыр ма?

Не қалды тарақ-тарақ шашылған жүрегімнен.
Жөндей алмаспын енді сынғанын білемін мен.
Қолымнан құлап түсіп күл болды өзегімде.
Сертімді сенімен бірге жерледім өз қолыммен.

Алғаш көру, жанып-сөну,
Тағдыр ма? Тағдыр ма?
Өліп сүю, жанып-күю
Тағдыр ма? Тағдыр ма?
Орда тобы, Жанып-сөну lyrics, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Corrected text

08.03.2016
Users

GM

Music Videos
Орда тобы
Жанып-сөну