Арман құс lyrics

Орда тобы

Арман құс

2
0

Share:



Арман кұсым қалықтайды көгімде
Неге келдім мен, не істеп жүрмін мен бұл өмірде
Белгілі бір орным бар ма өмірде
Ойланамын мен, толғанамын
 
Мен келем арқалап арманымды
Берерім бар ма, өмірден аларым бар ма
Арайлы алтын таңдарымды
Көруім керек жанарым барда
 
 
Қайырмасы:
Оооу, Жаратқан Аллаh! 
Өзекті жанға көмегің бар ма
Жетеле тек алға
Жаратқан Аллаh!
Жақсылық қана жеткзіген таңға
 
Арман құсым қанаттарын қағады
Қайда самғап, қай жаққа ұшып барды
Қайдан барып бақытын ол табады
Сырлай беремін, жырлай берем
 
Мен келем арқалап арманымды
Берерім бар ма, өмірден аларым бар ма
Арайлы алтын таңдарымды
Көруім керек жанарым барда
 
Қайырмасы:
Оооу, Жаратқан Аллаh! 
Өзекті жанға көмегің бар ма
Жетеле тек алға
Жаратқан Аллаh!
Жақсылық қана жеткізген таңға
Орда тобы, Арман құс lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

23.04.2016
Users

GM