Мейлі lyrics

Оразалы Сисембай

2019

0
0

Share:



Сансыз үмітім үзілмей сейіліп барам
Өзіңе зар болып жалындап күйіп жанам
Алтыным айтшы мен сендейді қайдан табам
Айтшы қайдан табам ,ай мен күйіп жанам
Түзілмей кеттің сен таңдауың өзге адам
Басың өзге жалғап байлансам қалай жабам
Қолыңа қондырған бақытты қандай адам
Айла таппай барам мен

Қайырмасы
Мейлі,өзіңсің жүректің емі
Ал мен ұзатам сені
Мыңдаған жолыңа-ай
Мейлі,жүдетіп жүректің емін
Тарылтып әлемнің кеңін
Кеттің ғой тастап мені

Сенің елесің еңсіртіп бойға шалған
Жүректі баурап тұңғиық қоршап алған
Өзіңді ойлап мен онсызда қапаланам
Сен деп күйіп барам аңсап құсаланам
Өткен күндерім мен үшін қазір арман
Күткен күндерім күйдіріп артта қалған
Өйткені мен ешкімді сүймеймін бәрі жалған
Енді бәрі жалған...

Қайырмасы
Мейлі,өзіңсің жүректің емі
Ал мен ұзатам сені
Мыңдаған жолыңа-ай
Мейлі,жүдетіп жүректің емін
Тарылтып әлемнің кеңін
Кеттің ғой тастап мені
Оразалы Сисембай, Мейлі lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

17.05.2019
Users