Жақсылық алда lyrics

Оразақын Асқар

0
0

Share:


Сары уайымға салынып,
Төндірме ақыр заманды.
Жақсылық алда барын ұқ,
Негізі жаңа қаланды.
Қиындық, ауыртпалықтың
Екені айқын не үшін:
Бағы үшін еркін халықтың
Теретін өзі жемісін.
Ентелеу оңай еңіске,
Бөгет көп шыңға өрлеуге.
Жеткенше нағыз жеңіске
Тиіспіз тыным көрмеуге.
Қамықпас қазір мұны ұққан,
Келмеске кетсін пәлекет.
Арылып құлдық құлықтан
Өзіңше жаса әрекет.
Оразақын Асқар, Жақсылық алда lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016