Табан lyrics

Оразақын Асқар

0
0

Share:


Монғол, жоңғар арт-артынан қаптаған
Кезде елімді қалмады жау шаппаған.
Ойран болып Отырарым, Саураным,
Сонда болдым шұбырынды ақ табан.
Енді ес жия бастағанда адам боп,
Ерлерімнің маңдайынан қадалды оқ.
Тәркіленіп, кедейленіп тапталып,
Қырылды аштан халқым қызыл табан боп.
Жер бетінен десе-дағы қараңды үз,
Дербестікке жеттік әйтеу аман біз.
Жері, елі, еркіндігі, заңы бар,
Жарлы, жаяу кілең қара табанбыз.
Қандастарым елге оралып қайтадан,
Дәнге далам, малға толып сай-салам.
Қалаларым баспана боп қазаққа,
Болсақ екен енді маңғаз май табан.
Оразақын Асқар, Табан lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016