Нағыз қазақтың ұлымын lyrics

Өмірқұл Айниязов

2019

0
0

Share:



Бағында бұлбұл сайрап гүл көктеген
Көркіне даласының тіл жетпеген
Ақ туын адалдықтың кірлетпеген
Нағыз қазақтың ұлымын
Көзінен мейірімді нұр кетпеген
Көңілін жақынының мұң етпеген
Анасын жұмағым деп құрметтеген
Нағыз қазақтың ұлымын

Қайырмасы
Байтақ далам менің құтты қазынам
Қазақ халқы тұғырым
Ар намысты артық қойған жанынан
Нағыз қазақтың ұлымын

Шыңдары бұл ғаламды зеңбір еткен
Жырларды тыңдағанды елжіреткен
Пейілін ақ бұлақтай мөлдіреткен
Нағыз қазақтың ұлымын
Көкпары серке таққан көк білектен
Досына құшақ ашқан кең жүрекпен
Биікте көк байрағын желбіреткен
Нағыз қазақтың ұлымын

Қайырмасы
Байтақ далам менің құтты қазынам
Қазақ халқы тұғырым
Ар намысты артық қойған жанынан
Нағыз қазақтың ұлымын


Өмірқұл Айниязов, Нағыз қазақтың ұлымын lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

21.05.2019
Users