Қазақтың тойы бітпесін lyrics

Өмірқұл Айниязов

2019

0
0

Share:



Ооооу жиылды бүгін ағайын туыс алты алаш
Достарың әне сауығы мінбей тарқамас
құдалар менен нағашы отыр төріңде
Көршілер де бар үйіңде тұрған арқалас
Қарттарың анау қазына туған бойына
Қайын жұрт мынау одақтас болған ойыңа
Шашбауын бүгін көтереміз деп шаттықтың
Келіп тұр бәрі тілектес болып тойыңа


[Қайырмасы]
Тамсанып талай не деген жомарт жұрт десем
Қазақтай күту керек қой қонақ күткесін
Шыр етіп келіп жұмғанша көзің той қылған
Қазақтың тойы, қазақтың тойы бітпесін


Оуууу Қобалжып тұрған көңілдер енді басылсын
Қабыл болып бата бақытқа есік ашылсың
Жыр атқан қалап әуминім деп періште
Жиғанымменен тергенім тойға шашылсын

Пейілі дархан көңілі шексіз аспандай
Қуансам күліп, сүрінсем демеп дос қандай
Бүгінгі думан жұғысты болып баршаңа
Бақытты сәттің дастаны енді басталғай


[Қайырмасы]
Тамсанып талай не деген жомарт жұрт десем
Қазақтай күту керек қой қонақ күткесін
Шыр етіп келіп жұмғанша көзің той қылған
Қазақтың тойы, қазақтың тойы бітпесін


Таршылық етіп, тарықтырмайтын тектісін
Жолы да болғыш жанына жақсы ерткесін
Асылың ақтап салтында сақтап той қылған
Қазақтың тойы, қазақтың тойы бітпесін

Таршылық етіп, тарықтырмайтын тектісін
Жолы да болғыш жанына жақсы ерткесін
Асылың ақтап салтында сақтап той қылған
Қазақтың тойы, қазақтың тойы бітпесін
Өмірқұл Айниязов, Қазақтың тойы бітпесін lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

30.07.2019
Users