Өмірқұл Айниязов Ақ босаға lyrics

Ақ босаға lyrics

Өмірқұл Айниязов

2021

7
0

Share:



Қыз аттаған келін боп, ақ босаға,
Ақ босаға, мерейлі бас босаға.
Қасиетті халқымның дәстүріне,
Куә болып ғасырлар жатты осы ара.
Қариялар батасын бере ме екен
Бата деген ақ тілек керек екен
Жақсы дәстүр жақсы сөз игі тілек
Ұрпақтарға жалғасып келеді екен

қайырмасы:
Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері,
Көл-дәрия секілді пейілдері.
“Абысын тату болса, ас көп” деген,
Мақалдың айтылуы тегін бе еді.

Татулықпен тамсатқан ауылымды,
Ардақ тұтқан аға, іні, бауырымды.
Ізеті мол қазақтың келіндері,
Бағалаттың баршаға қадіріңді.

қайырмасы:
Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері,
Көл-дәрия секілді пейілдері.
“Абысын тату болса, ас көп” деген,
Мақалдың айтылуы тегін бе еді.

Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері,
Көл-дәрия секілді пейілдері.
Сол келіндер арқасы босағадан,
Құда-жекжат іргесі сөгілмеді.



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

09.04.2021


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz