Алға қазақ lyrics

Өмірқұл Айниязов

2018

11
0

Share:



Алтаймен алатаудың арасына
Не жетсін қазағымның даласына
Беу шіркін-ай!
Жетісу жәннәт жерім атамекен
Киелі туған өлкем қаратауым шіркін-ай!

Қайырмасы:
Жасасын қаза елім
Киелі туған жерім
Айдында шалқар көлім
Жайлауы жасыл керім
Бұл менің атамекенім
Арайлып атқан таңға
Қырандай биік самға
Бірлігің болсын алда
Бабаларын жолын жалға
Қазағым алға тек алға!!!

Каспиймен Арал Ертіс Жайығымда
Маңғыстау Тұран далам Мойынқұм шіркін-ай!
Жусаны бұрқыраған жайлауымның
Сарыарқа сайым дала сағындым-ай беу шіркін-ай!

Қайырмасы:
Жасасын қаза елім
Киелі туған жерім
Айдында шалқар көлім
Жайлауы жасыл керім
Бұл менің атамекенім
Арайлып атқан таңға
Қырандай биік самға
Бірлігің болсын алда
Бабаларын жолын жалға
Қазағым алға тек алға!!!


Өмірқұл Айниязов, Алға қазақ lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

06.04.2018
Users