Үмітім гүлім lyrics

Нұржан Төлендиев

Үмітім гүлім

2
0

Share:


Үмітім-гүлім, гүл-гүлім,
Иран бақтағы бұлбұлым.
Он сегіз жылға татиды-ай,
Өзіңмен өткен бір күнім.

Үмітім-гүлім,қарағым,
От болып лаулап жанамын.
Алға да тартып барады-ай,
Санаулы сағат әр адым.

Үмітім-гүлім,арайлым,
Үмітпен саған қараймын.
Өзіңдей сұлу аруды,
Бақытқа ғана балаймын.

Үмітім-гүлім,сүйіктім,
Мен сені құлай сүйіппін.
Қолымда, сірә жетпейді-ай,
Басында тұрсың биіктің.
Нұржан Төлендиев, Үмітім гүлім lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

13.03.2016
Music Videos
Нұржан Төлендиев
Үмітім гүлім