Ерекше жан lyrics

Нұржан Төлендиев

Ерекше жан

1
0

Share:


 
 
Өзіңді көргім келіп күнде менің,
Іздеймін күн демедім, гүлдемедің.
Алтынның мақалдағы тағдырындай,
Қалайша қадіріңді білмегенмін.
 
Сен барда арайланар ерекше таң,
Сайрайды сарайымда ерекше ән.
Жұлдызы басқалардан ерек туған,
Сен болдың мен үшін бір ерекше жан.
 
Зер салсам ойларыма бірікпеген,
Зердеме сенен басқа ілікпеген.
Әйтеуір үлбіреген үмітімнің,
Үр жібі үзілмес деп үміттенем.
 
Сен барда арайланар ерекше таң,
Сайрайды сарайымда ерекше ән.
Жұлдызы басқалардан ерек туған,
Сен болдың мен үшін бір ерекше жан. (3х)
Нұржан Төлендиев, Ерекше жан lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

адема

28 2016

керемет аншы

GM

Added Lyrics

31.10.2015
Music Videos
Нұржан Төлендиев
Ерекше жан