Нұрым Қуаныш Мені кешір lyrics

Мені кешір Нұрым Қуаныш

2019

11
0

Share:




Lyrics



Мені кешір шын сүйгенім мені кешір
Кешірмесең сезімімді келіп өшір
Сүйген серттен қайта алмасам мені кешір
Сүйемін деп айта алмасам мені кешір

Маған күнім несіне сен өкпелейсің
Сүйе тұра бәрі мұның текке дейсің
Біз бақытты боламыз деп үміттендік
Үмітіңнен күдер үзіп кетпегейсің

Кездерім көп әр көктемедей жайқалмаған
Сөздерім көп мен өзіңе айта алмаған
Өзіңменен өтті-ау күндер еш алаңсыз
Шын бақытты сәттерімді қайтар маған

Жан дүниемді жалғыз қалсам мұң қамайды
Тағдыр бірақ ешкімді де тыңдамайды
Қаншама жан тағдырына көндіккенмен
Бұл өмірде қоштасуды кім қалайды

Мені кешір шын сүйгенім мені кешір
Кешірмесең сезімімді келіп өшір
Сүйген серттен қайта алмасам мені кешір
Сүйемін деп айта алмасам мені кешір



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

17.03.2019


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz