Ардақты ұстазым lyrics

Нұртас Омаров

2019

0
0

Share:



Өнер өрнегін өзің сызып өзің түзеп тәлім бергенің
Маған қымбат әр қатеге көңіл бөлгенің
Сыныңменен шыңдалып мен шыңға өрледім
Кемел күндерім дәмін татқан еңбекпенен келген жүлденің
Сол сәттерде қадіріңді жөнді білмедім
Әнін арнап ұғынғандай енді жүрегім

Қайырмасы
Ардақты ұстазым сенен алдым шабытымның жалын тұстарын
Сен арқылы биік ұшты әуен құстарым
Менің жеңісім сенің жемісің
Құрметті ұстазым!!!

Әнім бағалы жазар талай жабырқаған жанды жаралы
Сіз үйреткен сырлы саздың сан мың тарауы
Жадымызда жаңғырық болып мәңгі қалады
Жанның сананы ұстазы бар бой түзетін үлгілі адамы
Ізін жалғар шәкірттердің нұрлы қадамы
Қадірлейік ұлы деген дананы

Қайырмасы
Ардақты ұстазым сенен алдым шабытымның жалын тұстарын
Сен арқылы биік ұшты әуен құстарым
Менің жеңісім сенің жемісің
Құрметті ұстазым!!!
Нұртас Омаров, Ардақты ұстазым lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

22.05.2019
Users