Тастама мама тастама Нұрсұлтан Мұсабек

2019

0
0

Share:




Lyrics



Адасқан желдің өтінде
Жетім көп жердің бетінде
Жар болса егер жаратқан
Жетілер бір күн жетімдер
Жан емес ең ғой өресіз
Тастап кеттіңіз неге сіз?
Есепті күні мен үшін
Сіз не деп жауап бересіз?

Қайырмасы
Анашым мұның неткенің
Өзекке мені тепкенің
Бесікке сиар балаңды
Есікке тастап кеткенің
Тастады үйге апармай
Қой демедіме папамдай
Қан жылап жүр ғой біреулер
Мендей сәбиге жете алмай

Ауызымды иер асқада
Табылар маған баспана
Тек маған мейірім жетпейді
Тастама мама тастама
Жалғызың болып жақаннан
Жетімханада жатармын
Тас жүрек ана мен неге
Тастанды бала атандым

Қайырмасы
Анашым мұның неткенің
Өзекке мені тепкенің
Бесікке сиар балаңды
Есікке тастап кеткенің
Тастады үйге апармай
Қой демедіме папамдай
Қан жылап жүр ғой біреулер
Мендей сәбиге жете алмай



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

09.02.2019