Сезім сыры (Жаңа нұсқа)

Нұрсұлтан Жұмағұлов

2018

1
1

Share:





Загрузка...



Көктемгі гүлімдей жайнаған сен,
Көктегі күнімдей жарқырап ең.
Көріп қуанышқа толды жаным,
Бір өзіңдей сұлу таба алмас ем.


[Қайырмасы]
Сен, сен сұлуымсың іздеген,
Сен, сен ғашығымсың көптен күткен.
Арулар көп болса бұл әлемде,
Сенсің ең сұлуым менің еркем

Жабырқау жаныма сезім сыйлап,
Күлімдеп қарайсың үміт байлап.
Жұмбаққа толы бұл қылығыңды,
Еркімнен айрылдым үнемі ойлап.


[Қайырмасы]
Сен, сен сұлуымсың іздеген,
Сен, сен ғашығымсың көптен күткен.
Арулар көп болса бұл әлемде,
Сенсің ең сұлуым менің еркем
Төлеген, Мәжнүннің күйін кешем,
Ақтарған сырымды түсінбесең.
Ғашық боп бірге өтсек деп тілеймін,
Жанымның жалынын сездің бе сен?


[Қайырмасы]
Сен, сен сұлуымсың іздеген,
Сен, сен ғашығымсың көптен күткен.
Арулар көп болса бұл әлемде,
Сенсің ең сұлуым менің еркем
Нұрсұлтан Жұмағұлов Сезім сыры (Жаңа нұсқа) lyrics, Нұрсұлтан Жұмағұлов 2018


Загрузка...





Admin

Corrected text

11.06.2018
Users