Нұрсұлтан Нұрбердиев Жүрегіңе келдім мен (2017), lyrics

Жүрегіңе келдім мен lyrics

Нұрсұлтан Нұрбердиев

2017

2
0

Share:



Айнымастан алаулаған сен гүлден
Ғашық бола салмас едім мен бірден
Бақыт іздеп шаршамасың деп сені
Әдемі қыз жүрегіне келдім мен

Қайырмасы:
Бар бақытты болады бірге көруге
Бәрін айтып сен жайлы үлгеремін бе
Гүлдей жайнап жүрсің деп қасымда менің
Жүрегіңе келдім мен гүлдер егуге

Қайтейін мен өзгелердің гүл бағын
Айтқызбай-ақ өзің енді біл бәрін
Тек өзіңмен кешсем деймін жаным-ау
Өмірімнің ең әдемі жылдарын

Қайырмасы:
Бар бақытты болады бірге көруге
Бәрін айтып сен жайлы үлгеремін бе
Гүлдей жайнап жүрсің деп қасымда менің
Жүрегіңе келдім мен гүлдер егуге






08.08.2017
Users