Сезім сыры

Нұрсұлтан Жұмағұлов

2018

1
2

Share:





Загрузка...



Көктемгі гүлімдей жайнаған сен,
Көктегі күнімдей жарқырап ең.
Көріп қуанышқа толды жаным,
Бір өзіңдей сұлу таба алмас ем.

Қ-сы
Сен, сен сұлуымсың іздеген,
Сен, сен ғашығымсың көптен күткен.
Арулар көп болса бұл әлемде,
Сенсің ең сұлуым менің еркем

Жабырқау жаныма сезім сыйлап,
Күлімдеп қарайсың үміт байлап.
Жұмбаққа толы бұл қылығыңды,
Еркімнен айрылдым үнемі ойлап.

Қ-сы
Сен, сен сұлуымсың іздеген,
Сен, сен ғашығымсың көптен күткен.
Арулар көп болса бұл әлемде,
Сенсің ең сұлуым менің еркем

Төлеген, Мәжнүннің күйін кешем,
Ақтарған сырымды түсінбесең.
Ғашық боп бірге өтсек деп тілеймін,
Жанымның жалынын сездің бе сен?

Қ-сы
Сен, сен сұлуымсың іздеген,
Сен, сен ғашығымсың көптен күткен.
Арулар көп болса бұл әлемде,
Сенсің ең сұлуым менің еркем

Әні: Б.Урахаев
Сөзі: Б.Әлімбай
Нұрсұлтан Жұмағұлов Сезім сыры lyrics, Нұрсұлтан Жұмағұлов 2018


Загрузка...





Admin

Added Lyrics

09.04.2018