Lyrics
Халқымның айналайын пейілінен
Айта бергім келеді үні өлең шаршамай
Халқымның жүрегінен пейілі кең
Қарайтын болашаққа мейріммен тамсанып
Халқымның арасында менде бармын
Халқымның арқасында елге бардым көптеген
Бағамды осы ұлы елден алдым
Халқымның батасымен өнеріміз көктеген
Қайырмасы
Мен халқымның баласынан
Барлығы жанашырым
Мен халқыма сыйлаймын тек
Әнімнің бар асылын
Шын сүйген өнерпазын құрметтейтін
Халқым бар өр намысты құр етпейтін бағалы
Бағытын бағалықты міндеттейтін
Ар үшін адалдықты үлгі етпейтін саналы
Өнерім ұлылығым бар қашанда
Қолдасаң жұлдызымыз әрқашанда жарқылдап
Жұлдызым сөнбеседе жанбасада
Басымнан менің сүйген өздеріңдей халқым бар
Қайырмасы
Мен халқымның баласынан
Барлығы жанашырым
Мен халқыма сыйлаймын тек
Әнімнің бар асылын
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).
😂😆😄😃😁😀😉😜👼😎🤩🤑👍👌🤗🤠😇😗😜😝😛😌😮🤩🤓🧐❤💖💗💝💙💚💛🧡💜🌀🚵🧗♂️⛹️🏇🏂🏄