Lyrics
Сенің қолың кішкене нәзік қана
Нәзіктіктен тағдырға озып қара
Сенің көңілің мен үшін шалқыған күн
Сенің кеудең мен үшін жазық дала
Тоғыстырды жылдардың жолы бізді
Күдік бізден мәңгілік қолын үзді
Қарсы алдымда күлімдеп тұрсың міне
Көкірегіңе күдік көп үміт толып ізгі
Қайырмасы
Арман құсым сенімен адал түсім
Саған теңдес мен қайдан табам мүсін
Жылдар бойы көркіңе көз байлаған
Алғашқы іңкәр махаббат аманбысың
Мүмкін әлі күшім кеміс балып
Айқындалып келеді түсім жанып
Саған күнім мәңгілік қарыздармын
Маған шексіз сенгенің үшін ғана
Қайырмасы
Арман құсым сенімен адал түсім
Саған теңдес мен қайдан табам мүсін
Жылдар бойы көркіңе көз байлаған
Алғашқы іңкәр махаббат аманбысың
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).