Нұрлан Албан Қарттарым, аман-саумысың (2018), lyrics

Қарттарым, аман-саумысың lyrics

Нұрлан Албан

2018

2
0

Share:



Дүниеге келер бір рет
Дария кеуде тау мүсін
Құрыштан құйған құдірет
Қарттарым аман саумысың
Өздерің болсаң жанымда
Ел ісі жомарт еңселі
Дән исі сіңген қаныңда
Даланың бір бір бөлшегі
Арада жылдар жөнкіліп
Алыстап кеттің біртіндеп
Айталмай ауыз толтырып
Ассалаумағалейкум деп

Өзге менде бір жоқ тілек
Өздерің көзбен баққаным
Жайлы жер іздеп кетті деп
Жазғыра көрме қарттарым
Ердім бір сиқыр ғаламға
Шығардым белге жыр көшін
Болғам жоқ алаң даламда
Әулие қарттар жүргесін

Жанды ғой бағы даламның
Сендерге қуат дем берсін
Киесі де оның сендерсіз
Иесі де оның сендерсіің
Алдымда жүрсе көзімнің
Асылым алтын қазынам
Ауыра қалсаң өзіңнің
Пейіліңмен ақ жазылам
Сағынып талай жыр туар
Мадақтар әлі сан жыршы
Даланың иісі бұрқырап
Қарттарым аман сау жүрші







адетхан

Corrected text

13.08.2021