Lyrics
Өзіңді мәңгі жырлаған едім
Күнімді сонда мұң қылған едің
Тізерлеп жүріп терген гүлімді
Сыйым деп білмей сындырған едің
Суыттың жүрек арасын неге
Сезімсіз қайда барасың деме
Бір өзің ашқан жүректің құлпын
Себепсіз жаба саласың неге
Езе береді елеңдеген мұң
Бақытты жаным сенен көремін
Өшіргенмін талай нөмеріңді де
Білмеймін неге тере беремін
Әуреге неге саласың мені
Себеп қылып аласың нені
Көп іздеп жүріп күткен бақытқа
Сен ғана бөлей аласың мені
Қиналып жүрем біліп тұрсамда
Қимайтыныңды ұғып тұрсаңда
Жүрегімде сақтап жүріп күтіп жүремін
Шықпайтыныңды біліп тұрсамда
Суыттың жүрек арасын неге
Сезімсіз қайда барасың деме
Бір өзің ашқан жүректің құлпын
Себепсіз жаба саласың неге
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).