Lyrics
Тап-таза қаны бар
Тектілік бабадан келген бағы бар
Пәк адал жаны бар
Даналық қазақтан қазақтан табылар
Тарихы таңбадай басылған
Тарихым тұмардай мойныма асылған
Далам бар аманат ғасырдан
Даламдай кең пейіл құшағы ашылған
Анамдай туған жер жасымнан
Жандары жаралған асылдан
қайырмасы:
Мақтан етем тегімді
Мақтан етем елімді
Пейіліне қазақтың
Тәңір берген жерімді
Домбыра шертеді
Шежіре оқысаң бәрі де ертегі
Қорғасаң өлкені болашақ қазақтың ертеңі
Тарихы таңбадай басылған
Тарихым тұмардай мойныма асылған
Далам бар аманат ғасырдан
Даламдай кең пейіл құшағы ашылған
Анамдай туған жер жасымнан
Жандары жаралған асылдан
қайырмасы:
Мақтан етем тегімді
Мақтан етем елімді
Пейіліне қазақтың
Тәңір берген жерімді
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).