Куә бол lyrics

Нұрғиса Тілендиев

Куә бол

0
0

Share:


Көзімді жұмсанм да көрем сені
Еседі арманның қоңыр желі
Куә бол, Алатау, бақытыма
Куә бол, көк терек көлеңкелі
 
 
Қайырмасы:
 
Куә бол, жұлдыз
Куә бол, Айым
Куә бол, Алатауым!
 
 
Көп іздеп мен бүгін оны таптым
Бастадым бір әнін махаббаттың
Ақ қайың аялап арманымды
Куә боп, көк өзен, күліп жаттың
 
 
Қайырмасы:
 
Куә бол, жұлдыз
Куә бол, Айым
Куә бол, Алатауым!
 
 
Куә бол, жұлдыздар, жымыңдасқан
Куә бол, аппақ Ай, ашық аспан
Алданба жүрегім енді қайтып
Арманға кезінде есік ашқан
 
 
Қайырмасы:
 
Куә бол, жұлдыз
Куә бол, Айым
Куә бол, Алатауым!
 
Нұрғиса Тілендиев, Куә бол lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

19.10.2015