Ақ жайық lyrics

Нұрғиса Тілендиев

Ақ жайық

0
0

Share:


Көп болды Ақ Жайыққа бармағалы
Көп болды кәусарына қанбағалы
Көп болды жас сұлудың демін жұтып
Құрбымен қосылып ән салмағалы
Гәккулы мекен
Аққулы мекен
Мен сені сағындым ғой, Ақ Жайығым!


Көп болды Ақ Жайыққа беттегелі
Көп болды атамекен жет дегелі
Көп болды айлы аспанның аясында
Құрбыммен алтыбақан теппегелі
Дүлділді мекен
Бұлбұлды мекен
Мен сені сағындым ғой, Ақ Жайығым!


Ақ Жайық сенің орның ала бөтен
Таппадым теңеу іздеп далаңа тең
Өзіңе деген ыстық махаббатты
Өзіммен көрге бірге ала кетем!
Ұранды мекен
Қыранды мекен
Мен сені сағындым ғой, Ақ Жайығым!

Нұрғиса Тілендиев
Нұрғиса Тілендиев, Ақ жайық lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

28.10.2015