Бірге болмадық жалғанда қалай
Біздің махаббат аяқталды ғой
Жарты сағаттық бағдарламадай
Есім ауады елес күндерге
Ерегеспеймін мен ешкіммен де
Менсіз де жаным бақытты екенсің
Сенсіз де сорлы емеспін мен де
[Қайырмасы]
Халіңді сенің сұрамай білем
Дертіме дауа сірә қай бір ем
Жас болсаң менің жанарымдағы
Жоғалтпас үшін жыламай жүрем
Екеумізге дақ келмеді не сын
Өмірдің алдық берген үлесін
Біздегі сезім алдамшы екенін
Мен де білемін сен де білесің
Мен кімге неге жақұт теремін
Тежегіші жоқ уақыт кеменің
Өмір дегенің өткінші емес пе
Алдамшы емес пе бақыт дегенің
[Қайырмасы]
Халіңді сенің сұрамай білем
Дертіме дауа сірә қай бір ем
Жас болсаң менің жанарымдағы
Жоғалтпас үшін жыламай жүрем нұрболат, абдуллин, нурболат, абдулин, nurbolat, abdullin, abdulin, , Жыламай жүрем lyrics, 2020 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store
Жарболсын Досаев
Керемет жаксы ән