Сырласуға қалай қарайсыз? lyrics

Нұрболат Абдуллин , Жұпар Садақбаева

2021

13
0

Share:



Мен басқаны сіз басқаны
Жігіт жыры қыз дастаны
Көңіл бірақ керегіні іздер
Сырыңызды ақтарасыз
Жанға жақын боп барасыз
Тағдырлас па себебі біздей

[Қайырмасы]
Жанарларды жасқа бүгіп
Сіз айтатын басқа жігіт
Мен айтатын өзгедегі қыз
Кеудемдегі тылсым менің
Жүрегімнің күрсінгенің
Ұнайды осы сезбегеніңіз


Көңіліңіз бөлшіектеп
Құлдырайсыз бір биіктеп
Құбыласыз қалай қалай сіз
Жүреміз бе жоққа налып
Бірге саябаққа барып
Сырласуға қалай қарайсыз

[Қайырмасы]
Жанарларды жасқа бүгіп
Сіз айтатын басқа жігіт
Мен айтатын өзгедегі қыз
Кеудемдегі тылсым менің
Жүрегімнің күрсінгенің
Ұнайды осы сезбегеніңіз
Кеудемдегі тылсым менің
Жүрегімнің күрсінгенің
Ұнайды осы сезбегеніңіз


Өткен өтті ұмытыңыз
Үзілмесін үмітіңіз
Қай мекенде қалауыңыз кім
Кеше бүгін келмейді ме
Ертеңіміз емдейді ме
Қос жүректі жаралы біздің

[Қайырмасы]
Жанарларды жасқа бүгіп
Сіз айтатын басқа жігіт
Мен айтатын өзгедегі қыз
Кеудемдегі тылсым менің
Жүрегімнің күрсінгенің
Ұнайды осы сезбегеніңіз
Кеудемдегі тылсым менің
Жүрегімнің күрсінгенің
Ұнайды осы сезбегеніңіз
Ұнайды осы сезбегеніңіз
нұрболат, абдуллин, нурболат, абдулин, nurbolat, abdullin, abdulin, , Сырласуға қалай қарайсыз? lyrics, 2021
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

07.01.2021
Users