Nurbullin Мойындатамын (2020), lyrics

Мойындатамын lyrics

Nurbullin

2020

8
0

Share:



Жанарымда күліп тұрды жарты әлем
Жарты әлем сенің жанарың
Жарты әлемге жалаң аяқ тартар-ем
Жалғызбын десең қарағым
Арманымның асқақ мінез қызысың
Аласармай төнер едім
Махаббатты мойындадым сіз үшін
Мойындамаспын деп едім

[Қайырмасы]
Мойындамаймын, мойындатасың
Бағындырды да қойды балдай қылығың
Уайымдамаймын, уайымдатасың
Сағындырды да қойды қандай қылығың
Мойындамайсың, мойындатамын
Мені ойлап түбі жамыласың тәтті мұң
Уайымдамайсың уайымдатамын
Мені ойлап түбі сағынасың шаттығым


Жанарымда жылап тұрды жарты өмір
Жарты өмір сенсіз бір ақ сәт
Мәңгілікке бірге қылсын мәрт өмір
Жан дауысыма құлақ сал
Жылжып ақты жылдарыммен айларым
Ал бақытым кешіп тұр
Жүрегімді жүрегіңе байладым
Шамаң келсе, егер шешіп көр

[Қайырмасы]
Мойындамаймын, мойындатасың
Бағындырды да қойды балдай қылығың
Уайымдамаймын, уайымдатасың
Сағындырды да қойды қандай қылығың
Мойындамайсың, мойындатамын
Мені ойлап түбі жамыласың тәтті мұң
Уайымдамайсың уайымдатамын
Мені ойлап түбі сағынасың шаттығым






Admin

Corrected text

04.12.2020