Share:




Lyrics



Досым, есімің ел ішін жайлаған серісің,
Мақтаныш мен үшін, әр жеткен жеңісің.
Маздайсың сен әлі, мақтайды ел әлі.
Жиырмадан астың небәрі

Досым, өмірде биіксің, өнерді сүйіпсің,
Миллион жүрекке, бір өзің сыйыпсың.
Маздайсың сен әлі, мақтайды ел әлі.
Бәледен жүрші, тек әрі.

Қайырмасы:
Кеуде бөлек, жанымыз бірге
Жана берсін бағымыз бірге
Шырқалса екен әніміз күнде.

Досым, бәрінен дарасың, табамыз жарасым
Доллармен өлшемей, достықтың бағасын
Атса да жүз кесек, бөлмейді бізді өсек
Сыйласып біз бен сіз десек

Досым, ойнайық, күлейік, ойлайық, білейік
Абырой дейтұғын алтынтақ мінейік
Атса да жүз кесек, бөлмейді бізді өсек
Сыйласып біз бен сіз десек



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

07.08.2019