Сағынышым қайдеді-ай!

Нұрболат Сейтқасымов

2018

0
0

Share:








Өзіңді іздеп көп күндер алаңдадым,
Алаңдау мен артыма қарайладым.
Жалықтың ба? Жалт еткен жанарымнан,
Өзің едің аңсарым аяулы әнім.

[Қайырмасы]
Қалқашым сәулем-ай,
Салдың мені әуреге-ай.
Келсеңші кешікпей,
Сағынышым қайдеді-ай. 2 рет

Сол күн қайда екеуміз қыр асатын,
Айлы аспан астында сыр ашатын.
Жабырқаған толқыған сәттерімде.
Өзің едің жанымды жұбататын.

[Қайырмасы]

Табылатын бойыңнан асыл көрік,
Қол ұстасып жүрушем қасыңда еріп.
Жалтетеді жанарың күлім қағып,
Бұлтты жарып шыққан күн секілденіп.

[Қайырмасы]

Сөзі мен әні: Алтынбай Сейітқасым
Нұрболат Сейтқасымов Сағынышым қайдеді-ай! lyrics, Нұрболат Сейтқасымов 2018


Загрузка...





Admin

Corrected text

29.06.2018
Users