Томпаңдап тәй-тәй жүргенің
Құлыным тәңір сыйлаған
Шуаққа толсын күндерің
Қайырмасы
Ботақаным қаз-қаз
Алға қадам бас-бас
Таудай екен талабың
Балапаным тәй-тәй
Жүре қойшы байқап
Құтты болсын қадамың!!!
Қылығы балдай бөбегім
Бақытқа мені бөледің
Мен сені қошақаным-ау
Жанымдай жақсы көремін
Қайырмасы
Ботақаным қаз-қаз
Алға қадам бас-бас
Таудай екен талабың
Балапаным тәй-тәй
Жүре қойшы байқап
Құтты болсын қадамың!!!
Нұрбигүл Сағындыққызы, Құтты болсын, қадамың! lyrics, 2019 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store