Келіншегіме lyrics

Нұрбек КЕҢЕСБАЙҰЛЫ

0
0

Share:


Ұйқасты сөз арнап қайтем төкпелеп,
Өлеңгеде қисын керек, еп керек.
Жүргеніңе ұзақ болды жаным-ау,
Мен жәйлі өлең жазбайсың деп өкпелеп.Бұл өкпеңнің қисыны бар - жоқ демен,
Сені жазбай жүрген емен текке мен.
Әйелім боп қалғандығың қандай бақ,
Жай өлең боп қалғаныңды жеккөрем.Саған ғана сертімді айтқам кемелді,
Одан бұрын талай арзан сөз өлді...
Мен өзіңді мәңгілікке жар еттім,
Ал мен өлең арнағандар не болды?...Алып ұшпа шақ ғой онда өзге едім,
Өз сөзіме өзім сонда сенбедім...
Бір топ қызға бір ғана өлең арнаушы-ем,
Ол сенімен үйленбеген кездерім.Сабақ алып сондағы өткен ісімнен,
Сөз қадырын қашырмауды түсінгем.
Саған енді өмір бойы жазармын,
Тек өлең боп қалмағаның үшін мен.Аңсау
Байырғы ауыл, көне көз-ескі мақам,
Қариялар сыр шерткен кешті ұнатам.
Қобыз кеуде қарт абыз, қоңыр әуен,
Заман зарын төгуші-ед өксік ата.Кейде өрнектеп ғұмырын дүр-абыздың,
Кейде әспеттеп қылығын бұла-қыздың...
Сәл жымиып күңгірттеу түсінуші-ем,
Естен кетпес болғанын бір аңыздың.Онда сезім балаңдау білсін нені,
Кеудемніңде жұмбақтау тілсім демі...
Естен кетпес сондағы атамыздың,
Ей һей, өмір өтті...деп күрсінгені.Ал әжеміз шай ұрттап қызыл күрең,
Біздер жаққа бұрғыштап жұзін кілең;
"Кәне қайсың жатқа өлең оқисыңдар?
Тек ақынға берем"- деп қызымды мен. Жаның мұнда жәй тапсын қалай ғана,
Қайсы бірін айтсақ деп сәл ойлана:...
Содан кейін сол үйге талай бардық,
Талай өлең жаттап ап талай бала...Тұңғыш сені көргенде
Сені тұңғыш жолықтырған той кешін,
Елестетсем есім ауа ой кешем.
Ертектегі қорқызының бейнесін,
Сенен асқан сұлу десе сенбес-ем.Ортаға алып келді сені топ құрбың,
Жанарымен құрықтады-ау жан біткен...
Тәтті  үмітке арбалдым да көп тұрдым,
Қия басқан қадамыңды аңдып мен.Көп өтпей-ақ саған арнап ән салдым,
"Сен ең сұлу" құлағыңа жетер леп...
Жүрісіңе қарап тұрып тамсандым,
Билеп жүрсең қалқып кетеді екен деп.Есім кетіп мастанғаным шығар тым,
Сенде бізден отырғансың имене.
Дәл сондағы мендік халды ұғар кім,
Дел-сал күймен шақырмадым бигеде.Бойды тұман мұнарлатып ойды бұлт,
Үміт , күмән қатар тұрды көлбеңдеп...
Сол той кеші ең қызықты дейді жұрт,
Ал мен сенен артық қызық көргем жоқ...
Нұрбек КЕҢЕСБАЙҰЛЫ, Келіншегіме lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

01.11.2017