Нұрбек КЕҢЕСБАЙҰЛЫ Аңсау lyrics

Share:


Lyrics



Аңсау Байырғы ауыл, көне көз-ескі мақам, Қариялар сыр шерткен кешті ұнатам.Қобыз кеуде қарт абыз, қоңыр әуен, Заман зарын төгуші-ед өксік ата.Кейде өрнектеп ғұмырын дүр-абыздың, Кейде әспеттеп қылығын бұла-қыздың...Сәл жымиып күңгірттеу түсінуші-ем, Естен кетпес болғанын бір аңыздың.Онда сезім балаңдау білсін нені,Кеудемніңде жұмбақтау тілсім демі... Естен кетпес сондағы атамыздың,Ей һей, өмір өтті...деп күрсінгені.Ал әжеміз шай ұрттап қызыл күрең, Біздер жаққа бұрғыштап жұзін кілең;"Кәне қайсың жатқа өлең оқисыңдар? Тек ақынға берем"- деп қызымды мен. Жаның мұнда жәй тапсын қалай ғана, Қайсы бірін айтсақ деп сәл ойлана:...Содан кейін сол үйге талай бардық, Талай өлең жаттап ап талай бала...



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

04.11.2017


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz