Жаным жаным lyrics

Нұр-Мұқасан

Жаным жаным

0
0

Share:



Таңнан алқа таққан ардағым,
Ойнап тұрған бақта балды әнім.
Махаббат бұл – жүректің жыры,
Пәк сезімді сақта, жан-жарым.
Арнайтын бар жеңістерімді
Сенсің менің аппақ арманым!
 
Қайырмасы:
Жаным, жаным, жандыр мені де,
Арай төктің айдын көліме.
Мерекемсің мәңгі, сүйіктім,
Гүл сыйлайтын жай күндері де!
 
Көркің қандай күмістелгендей,
Зор сенімің тың күш бергендей.
Күдіктің тас қара түйнегін
Қаққа жардық қылыш бөлгендей.
Ақ тотым-ау, өзіңе күнде
Тамсанамын тұңғыш көргендей.
 
Қайырмасы:
Жаным, жаным, жандыр мені де,
Арай төктің айдын көліме.
Мерекемсің мәңгі, сүйіктім,
Гүл сыйлайтын жай күндері де!
 
Жаз жайнайды күлкіңде мөлдір,
Жеттік пе біз бұл күнге жеңіл.
Мен үшін сен он сегіздесің,
Өте берер біртіндеп өмір.
Алмамның да жартысын саған
Бермей жесем бүтін бе көңіл?! 
 
Сөзі: Бекжан Әшірбаев
Әні: Бекжан Әшірбаев
 
Нұр-Мұқасан, Жаным жаным lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

30.10.2015