У

Ninety One

2016

45
0

Share:





Загрузка...



[ALEM]
Жауаптарың естілді
Сағаттың тілдерінен
Бәрі анықталды бірақ
Қабылдағын келмеді

[BALA]
Қайтар суырылған жүрегімді
Қайда байладың мені
Бұл қиял, тым зиян
У құйғандай
Құпия ашылды арамызда

[ZAQ]
А,осы таңғы шақ
Қателіктер бұрын біл тоқтайды
Керек еді маған
Қазір уақыт шегінде тұрмын
Біздің жолдар бір
Бірақ параллельдер
Қиылыспайды бұл тар әлемде
Бәлкім бақытты қосылғандар
Бірігіп тағдырға пара берген
Сен менің қылмысымның куәгері
Сезімдерімді өлтірдің әр түрлі улар беріп
Жоқ сен қылмысымның сыбайласы
Бірге болдың көп істе тереңінен сыбайластық
Сенің махаббатың оттектей маған жетіспейді
Асықпай өлтіреді білдіртпей
Бірақ мен сенен сұраймын, тағы бер!!!

[BALA]
Таралуда у-3х

[AZ]
(Түсінем?
Бірақ менің сенен?
Емделгім келмейді)

[ACE]
Тартып барады
Көздеріңе мәңгі қамалдым
Неге сондай
Саған ұнайды
Менімен ойнаған
Санамды улай

[AZ]
Сенсіз демала алмадым ,тек маған ауыр
(Қауіпті хәлімде қатерлі қалпында ауыр??)
Маған мұнда ұнайды
Сенің әлемінде таптым ыңғайын
Мен тағы өзімді алдаймын
Ұмытып қайтадан уыңды сұрайм
Ал мен әбден әурелендім
Сезімдер мен көңілді толқытқан ойындар болды
Уақытша бақыт деп пайдаланам бұл айдан анық
Енді шынайылық қайда
Айналған басымды босатып есімді қайтар

[BALA]
Қайтар суырылған жүрегімді қайда байладың мені?
Бұл қиял тым зиян
У құйғандай
Құпия ашылды арамызда

[ACE]
Таралуда у -3х

[AZ]
Түсінем??
Бірақ менің сенен)
Емделгім келмейді

[BALA]-2х
Қайтар суырылған жүрегімді қайда байладың мені?
Бұл қиял , тым зиян
У құйғандай
Құпия ашылды арамызда
Ninety One У lyrics, Ninety One 2016


Загрузка...





Comments

Anonymous

26 2016

жауаптарын естилди болады маган бари емес

Anonymous

09 2017

жандарым солл онерлерин орге жузсин асе жаным сендери жаксы корем

Admin

Corrected text

15.05.2018