Сағындым демеші "Halfani (Ninety one, A.Z)" lyrics

Ninety One

2016

35
1

Share:



1. Өткен күндерді ойлай
Сағынасың түсінемін
Мен саған енді тек
Тəтті түсіңде келемін
Басқа жоқ амалым
Қайтадан баралмаймын
Барғанымен сеземін
Бақытты болалмаймын
Кеше бір түс көрдім
Қызық өте қызық
Анашымның қасында
Отырсың жымыйып
Қарап қатты таңқалдым
Түсім бе? Өңім бе? деп
Бір уақытта кішкентай қыз
"Əке" деп жүгіріп келт
Бақыттан басым айналып
Бəріңе бір қарадым
Бұл түсті неге көрдім
Ақыры түсіне алмадым.
Иə білем көпті көрдік екеуміз расында
Бақытты болдым білемін сенің құшағыңда
Ал қазір өмірім басқа, басқа мүлдем басқа
Махаббатқа сенбеймін
Жүрегім айналды тасқа
Ұмытқым келет бəрін
Ал сен мүмкіндік бермейсің
Ұмытып келе жатқанда
"Сені сағындым" дейсің

[Қайырмасы]
Сен кеткелі жанымнан
Уақыт санап сағынам
Оралсаңшы өтінем
Кезінде бағаламай
Қазір қатты өкінем
Шындықты білгің келсе
Сен сүюді үйреткен.

2. Маңызды күнді жоспарлап қойғандай ерте оянамын
Терезені ашып, терең дем аламын
Өмір ағысы əр адамда əр түрлі өтуде
Ал мен күндерді өткізіппін сені күтумен.
Қайда кешегі күндер?
Қайда сыңғыр күлкілер?
Қайда бақытты кездер?
Қайда жұлдызды түндер?
Қайда сезім қалдығы əлі сенің жүрегіңде бар ма?
Егер тіптен жоқ болса қайтесің өзіңді алдап,
Өзіңе қайтып арбап
Сағындым қатты дейсің
Өзіңе қарай байлап
Тартады тəтті иісің
Жүрегіме таңба қылып салдың сен қолыңның ізін
Сол себептен болар мен сенің алдыңда əлсізбін, үнсізбін
Өйткені жүрегім жаралы
Сені көздерім көрсе, сөздерім шегін табады
Менсіз бақытты екенсің
Енді қайтып келмеші
Уəде берем ұмытамын
Тек сағындым демеші
ninety, one, nainti, uan, найнти, уан, найти, 91, Сағындым демеші "Halfani (Ninety one, A.Z)" lyrics, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Nurzan

25 2017

оте керемет

Akbota Tileumupatkyzy EAGLEZ

09 2017

көзіме жас алдым

Anonymous

04 March 2017

вау?

Admin

Corrected text

07.05.2017
Users