Қашан, қашан? (Halfani) lyrics

Ninety One

2017

38
1

Share:



Менің өмірімнің астаң-кестеңі шыққанда
Жалған сезім, махаббат бірі ұмытылғанда
Бір кезде нəзіктік пен сезімді сезе бастадым
Көптен күткен ғашығымды іздеп тапқанда
Сенімен алғаш сөйлескенде жүрек дірілдеді
Бірақ сенің сөйлескің келгені маған білінбеді
Тіпті менсінбегендей болып жүректі жараладың
Тəкəппарлық қасиетің сенің қару жарағың
Бірақ сенікі де жөн, мені танымайсың
Танымайм деген сөзіңмен əңгімені аяқтайсың
Тіпті мұрша бермейсің сенімен жақын болуға
Ең маңыздысы тіпті сезімімді байқамайсың
Жарайды, не айтсаңда соған төземін
Арада қанша жыл өтседе жаным сені күтемін
Күтемін мен, мені үміттендірмесең де сүйемін я мені сүймесеңде

[Қайырмасы]
Қашан, қашан сен құшағымда жүресің
Қашан, қашан мен сені аймалап сүйемін
Осы уақытты күтемін көп жылдар өтседе
Сені қатты сүйемін, мені сүймесеңде

Екеуміздің арамызды ұзақ жол бөледі
Ортамыздан шығып тұр үлкен теңіздің көлемі
Қаласаң дайынмын сенің қасыңда мəңгі болуға
Кел десең дайынмын қалаңа жаяу баруға
Сезімнің ыстық лебін өзіңе бағыттаймын
Суретіңе қарасам өзіңді армандаймын
Қаламаймын сенің өзгемен болғаныңды
Қаламаймын өзгемен жасқа толғаныңды
Иə білемін, кейде шеттен шығып кетемін
Осының барлығы сүйгендіктен енді қайтемін?
Қайтемін сені сүйгендіктен кінəлі емес шығармын
Өшіре алмаспын лаулап жанған махаббат шырағын
Жүрегімнің соққысы бір сен үшін соғады
Жүректен шыққан толқындар бір өзіңе тартады
Мүмкін уақыт көрсетеді бəрі басқа болады
Бірақ жанымда жоқсың сол мені қиналдырады
ninety, one, nainti, uan, найнти, уан, найти, 91, Қашан, қашан? (Halfani) lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

фаризада

24 2017

әндернз тамаша

жанел

22 March 2017

молодец жарайсындар 91 тобы

Жанерке

18 2017

супер-пупер

nuradin altynbek

01 2017

керемет бірақ аяқ жағы жазылмапты

Admin

Corrected text

07.05.2017
Users