Назар тобы Біздің ағай тамаша lyrics

Біздің ағай тамаша Назар тобы

Біздің ағай тамаша

3
0

Share:




Lyrics



Біздің ағай қызық тамаша
Қызығы бар сан жетпейді санаса
Жеңгемізді сыйлайтыны соншалық
Томпаң қағып жүгіреді балаша

Жеңгей кетсе қыдырып
Кеш келеді күн жүріп
Ағай үйде отырады
Шылпылдатып кір жуып
Біздің ағай біздің ағай біздің ағай тамаша

Бұл ағайды жеңгемізде мақтайды
Жамандауға тіл ауызы бармайды
Қалай ғана мақтамасын жеңешем
Мұндай адам мұндай адам дүниеден таппайды

Жеңгей кетсе күн ұзап
Дүкен кезіп зар илеп
Ағай үйде отырады
Кеспе кесіп нан илеп
Біздің ағай біздің ағай біздің ағай тамаша

Үй иесіне мойнымызды бұрмадық
Жүріппіз ғой көп нәрседен құр қалып
Кел жігіттер сеп болайық әйелге
Аз да болса азда болса осы ағайдан үгі алып

Сенбесеңдер сөзіме
Қараңдаршы жәй байқап
Ағай отыр әнекей
Құрт қйнатып май шайқап
Біздің ағай біздің ағай біздің ағай тамаша

Сенбесеңдер сөзіме
Қараңдаршы жәй байқап
Ағай отыр әнекей
Құрт қйнатып май шайқап
Біздің ағай біздің ағай біздің ағай тамаша



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

30.10.2015


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz