Наркенже Серікбаева Барып қайт балам ауылға lyrics

Барып қайт балам ауылға Наркенже Серікбаева

2018

0
0

Share:




Lyrics


Барып қайт балам, ауылға туған барып қайт,
Шалғынға аунап, құмында ойнақ салып қайт
Өң болып келер біз жақтың азаматтары
Намысты соның көкірегінде жанып қайт
Барып қайт, барып қайт балам
Ауылға туған барып қайт

Белесі, белі жоқ мидай далама,
Қарамай жаным, қалдырмай бәрін арала
Шомыла барсаң байқарсың күміс көліңе,
Іздерім жатқан секілді менің жағада
Арала арала бәрін орманба таума далама

Болар деп қандай сұрайтын жайлауды,
Сыбағаң үшін бір қозы сонда байлаулы
Аңқылдап келер арғымақ тарқар ағайын,
Алтынды жерлеп ертұрмандары сайлаулы
Жайлауды, қайтарсың өзін жайлауды

Ауылың жайлы, қиялың менен елесің
Айлап шында, ғажайып күйге енесің
Атаң мен марқұм бабаңның сонда бейіті
Соға кел қалқам, елемей кетті -ау демесін,
Демесін, соға кел қалқам, елемей кеттау демесін

Басыңа барсам, тұсауың кетпей емдеп ал
Қасыңа жаным, жөнділеу біреу ерте бар
Артымнан менің топырақ таста иіліп,
Әкеңнің осы сағыныш күйін шерте бар
Шерте бар, әкеңнің осы сағыныш күйін шерте бар

Ертелі-кеште қуалай бермей ойынды,
Бір ауып қарғам, арманға жүздір ойыңды
Көпшілік өзі сынағыш келер мұндайда
Абайлап басып түзетіп ұста бойңыңды
Бойыңды, абайлап басып, түзетіп ұста бойңыңды

Барып қайт балам, ауылға туған барып қайт,
Шалғынға аунап, құмында ойнақ салып қайт
Біз жақтың қызы ибалы келер құлыным
Жарқ етіп жанарын, шоқ боп қарып қайт
Барып қайт балам, ауылға туған барып қайт,
Шалғынға аунап, құмында ойнақ салып қайт.



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

29.04.2022


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz