Сырғанақ lyrics

Н. Дүкенбай , Дина Мырза

Сырғанақ

0
0

Share:


Айдын мұзда жарыстық,
Конькименен сырғанап.
Ізімізден қар ұшып,
Қызық болды бір ғажап.


Қайырмасы:
Сырғанақ, сырғанақ,
Ата-анамыз тұр қарап.
Құлын тайдай жарысу,
Қызық екен бір ғажап.



Бірде озып, бірде қап,
Қолдан бермей намысты.
Құстай ұштық сырғанап,
Думандатып жарысты.


Қайырмасы:
Сырғанақ, сырғанақ,
Ата-анамыз тұр қарап.
Құлын тайдай жарысу,
Қызық екен бір ғажап.

Н. Дүкенбай
Н. Дүкенбай, Дина Мырза, Сырғанақ lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

28.10.2015