Бақыттымын өзiңмен lyrics

Мырзабек & Гаухар

2019

1
0

Share:



Тағдыр мені жолықтырды өзіңмен,

Сенсің гүлім, бал бақытты сезінген.
Көріктімсің, бағалымсың бағымсың
Шуақ шашқан, нұрға толы жүзіңнен
Серігімсің, Сенерімсің жүрегім,
Сен едің шын,Тағдыр сыйы тірегім.
Махаббаттың айдынында жұп жазбай,
Бірге жаным болайық тек тілерім.
Қайырмасы :

Бақыттымын өзіңмен,
Жақұт тұнған көзіңнен.
Шаттығымсың,
Ақ гүлімсің,
Бақыттымын өзіңмен.

Бір арнаға тоғыстырған арманын,
Бағым сенсің, мен болайын бағбаның.
Мың аурудың ішіндегі Жібегім,
Сені ғана бақытым деп таңдадым..

Мамыражай сеніменен күндерім,
Жаныңа-жəй, сезіміммен гүлдедім.
Өзің мені, бар бақытқа жетеле ,
Маған қымбат,тек жаныңда жүргенім
Мырзабек & Гаухар, Бақыттымын өзiңмен lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

30.07.2019