МузАрт тобы, Роза Рымбаева Алматым жүрегімде lyrics

Алматым жүрегімде МузАрт тобы, Роза Рымбаева

2015

1
0

Share:




Lyrics



Шықшы дос, Алатаудың қар басына,
Көз салшы арман толы арнасына,
Өмірдің от-жалыңы алау шашып,
Жанып тұр күн сәулеле Алматыда.

[Қайырмасы]
Гүлі бар таңда ашылар,
Бал-шырын алмасы бар,
Өмірдің арнасы бар бір өзіңде.
Гүл қала, арман қала,
Көк-жасыл орман қала,
Мәңгі от болып жанған қала
Алматым жүрегімде.

Сәбидің күлкісі бар келбетіңде
Жүзгенде ай сәулесі көл бетіңде
Әркімнің жүрегіне ұя салған
Осындай қала бар ма жер бетіңде?!

Алматым жүрегімде.
Алматым жүрегімде.

Әні: Ә.Бейсеуов
Сөзі:Т.Молдағалиев



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

02.08.2016


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz