Lyrics
Ақ ордасын тігіп Сарыарқадай кең далада,
Ел бастады ерің тартып туған өр бабама.
Татулықты жырлап, құрлықтардың басын қосқан,
Дархандықтың шыңы Қазақ деген елде ғана.
Қайырмасы:
Егемен елім, көрегендерің,
Алашым - айбарым.
Кенге бай қойнауы,
Малға жай жайлауы,
Кең байтақ, думанды ел!
Мөлдіреп қайнарың,
Желбіреп байрағың,
Жасай бер, туған жер!
Тарихымыз - терең, таңба болып таста қалған,
Мақсатымыз - айқын, алдымызда асқақ арман.
Ұлдары қайсар, қыздары жайсаң,
Біз елміз мәңгілік.
Қайырмасы:
Шартарап жаңғырып,
Салтанат сән құрып,
Шарықта, думанды ел!
Әлемді таң қылып,
Достасқан барлық ұлт,
Жасай бер, туған жер!
Кенге бай қойнауы,
Малға жай жайлауы,
Кең байтақ, думанды ел!
Мөлдіреп қайнарың,
Желбіреп байрағың,
Жасай бер, туған жер!
Шартарап жаңғырып,
Салтанат сән құрып,
Шарықта, думанды ел!
Әлемді таң қылып,
Достасқан барлық ұлт
Жасай бер, туған жер!
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).
)