Мұзафар Әлімбаев Өзімізше шетімізден дейміз-ау (0) lyrics

Өзімізше шетімізден дейміз-ау lyrics

Мұзафар Әлімбаев

0
0

Share:


Өзімізше шетімізден дейміз-ау,
Тұлғамызға теңеседі қандай құз?!
"Бала" десе, "шала шығар..." дейміз-ау,
Демесек те, ішімізден ойлаймыз.
Райхан гүлді өзім теріп қырларда,
Шалқар көлде шомылғандай сезіндім.
Жаңа бидай сапырғандай қырманда...
Көріністер көріп жүрген кезім мың!
Қойсайшы бұл әдет деген пәлені:
Мініңді іздеп, мен де әуре болыппын.
Әдеміні деу керек қой әдемі,
Көріктіні деу керек қой көрікті!
Өзімізше шетімізден дейміз-ау,
Тұлғамызға теңеседі қандай құз?!
"Бала" десе, "шала шығар..." дейміз-ау,
Демесек те, ішімізден ойлаймыз.
Жақсылығын ең алдымен көре біл,
Жамандығын ең алдымен іздеме.
Ізгілік қой адамдарға керегі,
Өзің де ойла: қалдырасың бізге не?






GM

Added Lyrics

26.08.2016