Мұзафар Әлімбаев Қандай қымбат (0) lyrics

Қандай қымбат lyrics

Мұзафар Әлімбаев

0
0

Share:


Өтермін... қанша жүрем...- ұзамаспын,
Ажалдың тас құрсауын бұза алмаспын.
Ойласаң қысқа өмірдіңқызығы аз ба -
Мен өзім сондай оймен ырзаластым.
Тірліктің тынысынан елтимін де,
Ақындық шабытынан қыза маспын.
Өрнектеп көкейдегі ой мен сөзді,
Шырқаймын қиянына құз-жартастың...
Қадірін уақыттың кім біледі?
Жасында кімдер оған ділгір еді?
Секундтің сыртылы енді бір ғұмырдай,
Сағаттың қандай қымбат күмбірлеуі?!






GM

Added Lyrics

26.08.2016