Мұзафар Әлімбаев Естеліктер (0) lyrics

Естеліктер lyrics

Мұзафар Әлімбаев

0
0

Share:


Естеліктер - жыртылмайтын кітаптай,
Сынбайтғын бұтақтай,
Естеліктің гүлі қурап солмайды,
Бояуы да оңбайды.
Естеліктің семген емес құрағы,
Жұпары аңқыптұрады.
Естеліктің қусырылмас кеңдігі,
Лайланбайды мөлдірі.
Естеліктің тесілмейді кемесі,
Шірімейді шегесі.
Естелікті өршілдікке бейім де,
Сүйремейді кейінге.
Естеліксіз өспек емес бүгінгім,
Ол - өшпейтін бұрынғым.






GM

Added Lyrics

26.08.2016