Мұзафар Әлімбаев Биіктер (0) lyrics

Биіктер lyrics

Мұзафар Әлімбаев

0
0

Share:


Емшектен шықпай жүргенде:
"Бесіктен биік жоқ!"-деп ем.
Ойынға кірген күндерде:
"Есіктен биік жоқ!- деп ем.
Санатқа кірген жылдарда:
"Ауылдан биік жоқ!"- деп ем.
Көз тастап қарлы шыңдарға:
"Тауымнан биік жоқ!"-деп ем.
Біртіндеп сырын ашатын
Биіктер әсте көп екен...
Адамға шұғыла шашатын
Арманнан биік жоқ екен!!!






GM

Added Lyrics

26.08.2016