Мұзафар Әлімбаев Әуейілер әулеті (0) lyrics

Әуейілер әулеті lyrics

Мұзафар Әлімбаев

0
0

Share:


- Құрманғазы көзінше сен күй шертпе!
- Карповтарды шахмат ойнап, үйретпе!
- Әуезовке әу дей көрме сөз жайлы... -
Бізге уағыз соғасың-ау сөйдеп те...
Біз шіркінге бұйырмаған даналық,
Сен соңда да құлақ түрші бір кепке:
Көзсіздер бар кемелді де үйреткен,
Үйреншікті қалыптарды күйреткен.
Түсіңде де су көрмеген түздердің
Теңіз сыйлап, шөлін басқан біздей кім?!
Бір-бір бұлақ тартқан да біз әр үйге...
Ғажайыптар жасаушы біз, әрине!
Сөйте тұра әдейі емес, оқыс де!
Қайран қалам талай парадокске.
Қолда барды:
Көл-тоғанды бұлдамай,
Қолдан кейде шөл жасаймыз...
Бұл қалай?!
Кінәліні бере алады кім түстеп?
Көлеңкеге бізсіз қайдан күн түспек?!
Табиғаттың қателерін талайғы
Түзетуді бар адамзат қалайды!
Сөйте тұра, жаңсақ бассақ өзіміз,
Кешіре ме мынау кемел кезіміз...






GM

Added Lyrics

26.08.2016